Перейти к содержанию

«Унутмоқ осонмас сизларни» атты еске алу кеші өткізілді

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде көркем еңбек, ән-күй, дене шынықтыру пәні апталығында «Унутмоқ осонмас сизларни» атты еске алу кеші өткізілді. Іс-шарада осы уақытқа дейін мектепте жұмыс жасап өмірден өткен ұстаздарды, олардың нұрлы бейнелерін еске алып, олардың артынан жақсы ұрпақтың еріп келе жатқаны туралы жылы сөздер айтылды. Іс-шара барысында мектеп директоры Д.Дийметова және кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдураимовтар сөз сөйлеп өмірден өткен ұстаздардың мектеп өміріне қосқан үлестері және оларды ешқашан ұмытпауымыз керектігін атап айтты. Олардың қалдырған жақсы істері келер ұрпаққа үлгі болатындығы туралы сөз қозғады. Іс-шарада көркем еңбек, ән-күй, дене шынықтыру пәні мұғалімдері белсене қатысты. Өзінің өнерімен Мамутов Қапланбек, Насиба Нишанова, Зулфия Аметова, Ақмаржан Қасеновалар өнер көрсетті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *