
Түркістан қаласы Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 28-29 қазан күндері 7-8, 9-11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.

Мектебіміздің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары Б.Исмаилов, Д.Зайнитдинова, директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары У.Шонабаева және педагог ұйымдастырушы Д.Сеитов олимпиаданың ережесімен таныстырып, білімнің биік шыңдарын бағындыруға келген оқушыларыға сәттілік тіледі.

Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 7-8 сынып бойынша — 228оқушы, 9-11 сыныптар бойынша- 252 оқушы қатысты.


Олимпиаданың мақсаты:
— Дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми білімді насихаттау;

Мектепішілік олимпиадаға қатысқан барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз және қалалық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!