
Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ИЕСІ-ЖАС МАМАН» тақырыбында жас мамандар апталығы басталды.

Апталықтың мақсаты: жас педагогтердің әдістемелік деңгейін көтеру,өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, жаңаша әдістерді ендіруде және ізденуге шабыттарын арттыру.

Апталықты мектеп директоры Дильбар Абдуразаққызы ашып, үйретері мен үйренері көп жас мамандардың ұстаздық жолына еңбекқорлық пен табандылық , сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде мол табыстарға жете беріңіздер, деп тілек білдірді.

Апталықтың ашылуында жас мамандар мектеп фойесінде қызықты ойындар мен тренингтер ұйымдастырды.

Апталық аясында жас мамандар ашық сабақтар шеруін көрсете отырып, бір-бірінің сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасады.