Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылында аналар мектебінің төрайымы Г.Юлдашева мен мектептің педагог-психологы С.Мирзаметованың ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Супер келинчак» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: мұғалімдердің қабілеттерін, шеберліктерін әр-қырынан танып, білу. Байқауға әр бірлестіктен бір мұғалім қатысып өз өнерін жан-жақты көрсете білді. Атап айтсақ Л.Сванкулова — орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Д.Сыздыкова — ағылшын тілі пәні мұғалімі, С.Юлдашева — информатика пәні мұғалімі, З.Аметова қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Ф.Убайдуллаева — биология пәні мұғалімі, С.Бабажанова — тарих пәні мұғалімі, Ф.Атаханова — денешынықтыру пәні мұғалімі, Ю.Қожахметова — математика пәні мұғалімі. Байқау соңында мектеп директоры Д.Дийметова сөзге шығып, барлық қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, байқау нәтижесі бойынша жеңімпаз ұстаздарымызды марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Аметова жеңімпаз атанып, бас жүлдеге ие болды.




