
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылғы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында айтылған ел болашағын бекемдейтін мәселелер қозғалып, нақты бағдар берілді.

Жаңа оқу жылымен қатар келген мемлекет басшысының Жолдауын қолдау мақсатында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі А.Махметов баяндама жасады.Мұғалімдер өз пікірлерін білдірді.

Әділетті Қазақстан құрудағы мұғалімдердің рөлі жайлы сөз қозғалды.

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында жұмысшы мамандығын даярлаудың сапасын арттыруға басымдық танытылды.

Жоғары оқу орындарында сапалы кадрлар даярлау мәселесі де өзектендірілді.Ең бастысы, еңбек адамына құрмет көрсету нақтыланды.

Білім беру ұйымдарында «Адал азамат, Адал адам, Адал табыс» құндылықтары бойынша тәрбиелеу керектігі айтылды.

Егемен еліміздің қозғаушы күші – өскелең ұрпақ қолында. Халық мүддесін ойлап, мемлекеттің үдесінен шығатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі мұғалімдерге міндет.

Баршаңызды Жолдауда берілген басым бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс атқаруға шақырамыз.
Ел дамуына серпін беретін жаңалықтарымыз көп болсын.
Ұжым Президенттің жолдауын толық қолдайтынын жеткізді.

Орта білімнің сапасы-табысты ұлт болудың маңызды шарты.