
Оқушылардың тазалық саулық туралы ұғымдарын кеңейту, тазалықтың пайдасын ұқтыру, денсаулық ұғымының құндылығы туралы, салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, денсаулықты күтуге , қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы N2 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 25 желтоқсан күні мектеп мейірбикелері У.Юлдашева, Р.Атакиева «Тұмау және одан сақтану жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ЖРВИ дегеніміз не?, тұмау ауруының алдын қалай аламыз?, тұмаудан сауығу үшін қандай ем қолдану керек және тұмаудан сақтану жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді.

Денсаулық ең қасиетті де, құнды, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына. Өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты , хал-ахуалы жақсы болып, зиянды әрекеттерден аулақ болып өсуі өте маңызды. Бүгінгі дені сау ұрпақ-елдің ертеңгі жалғасы!