Перейти к содержанию

ЖЫР ПАДИШАСЫ-ФАРИЗА…» МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ ….

📚📚📚ЖЫР ПАДИШАСЫ-ФАРИЗА…» МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ ….
📕📗📘«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында қазақ халқының бір туар қызы, ақыны, журналист Фариза Оңғарсынованың 85 жыл толуына орай шығармаларын оқу насихаттау үшін мектеп оқушылары арасында “Жыр падишасы- Фариза” атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
📚📚Байқаудың мақсаты:
✅Фариза Оңғарсынова өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыру.
✅Оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
✅ Ұлтымыздың тарихын, әдебиетін, мәдениетін танып білуге ықпал жасау.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
✅«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» бағыты: Фариза Оңғарсынова өлеңдерінен,аудармаларынан жатқа мәнерлеп оқу;
✅️» Жыр жазбасам,жабығам..» бағыты: Фариза Оңғарсынованың өмір шығармашылығынан презентация қорғау;
📚📚Байқауға мектебіміздің намысын қорғап, 8-«Б» сынып оқушысы Алишерова Мухлиса қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.👏👏👏
💥💥Шәкіртімізді жеңісімен құттықтай отырып, болашақта биік шыңдарды бағындырады деген сенімдеміз.💐💐💐💐
Құттықтаймыз!!👏👏👏👏
Жетекшілері: Ж.Стамкулова.
М.Бухарова.
И.Ниязметова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *